Жаңақала аудандық мәслихатының ШЕШІМІ

 

 (ҚР Әділет Министрлігі БҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14.01.2016ж. №4225 болып енгізілді 

 

Жаңақала ауылы                     № 31-3                            25 желтоқсан 2015 жыл

 

 

«2016-2018 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы» 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 3 044 199 мың теңге:

салықтық түсімдер - 527 512 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер - 226 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 300 мың теңге;

трансферттер түсімі - 2 516 161 мың теңге;

2) шығындар - 3 041 882 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 51 263 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 66 811 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 15 548 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 2 317 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -51 263 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 51 263 мың теңге:

қарыздар түсімі - 66 811 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 15 548 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

 2. 2016 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2015 жылғы 30 қарашадағы Заңына, Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №4190 тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) шешіміне және осы шешімнің 4- тармағына сәйкес қалыптастырылды.

3. Қазақстан Республикасының «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 11, 12, 14, 15, 17, 19-баптары қатерге және басшылыққа алынсын.

1) 2016 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы - 900 273 мың теңге көлемінде қарастырылсын:

Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы 100 орындық интернаты мен 600 орындық мектеп-лицейін күтіп ұстауға - 114 633 мың теңге;

балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету - 15 350 мың теңге;

білім беру ұйымдарына бейне бақылау жүйесін қондыруға - 10 800 мың теңге;

жалпы білім беретін мектептер мен колледждерге компьютерлер сатып алуға - 10 176 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 5 659 мың теңге;

жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер - 18 214 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын көбейту - 3 364 мың теңге;

мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнатуға - 8 мың теңге;

аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстауға - 15 000 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешеннің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелерін ұстауға - 3 308 мың теңге;

жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделіне көшуге, сондай-ақ оларға лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге - 590 786 мың теңге;

мемлекеттік әкімшілік қызметшілер еңбекақысының деңгейін арттыруға -45 000 мың теңге;

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің штат санын ұстауға - 1 164 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттерге - 66 811 мың теңге.

4. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін жалпы сомасы - 15 548 мың теңге түсімдер қарастырылсын.

5. Жергілікті бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін 2016 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі ішкі сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:

1) жеке табыс салығы аудандық бюджетке 100 пайыз есепке алынады;

2) әлеуметтік салық аудандық бюджетке 100 пайыз есепке алынады.

6. Жергілікті атқарушы органдарға қарасты мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер мен тауарларды өткізуден түсетін ақшалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіпте пайдаланылады.

7. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне 2016 жылға берілетін субвенция көлемінің жалпы сомасы - 1 682 699 мың теңге болып белгіленсін.

8. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджетке бюджеттік кредиттерді өтеуге сомасы - 15 548 мың теңге қарастырылсын.

9. 2016 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві - 4000 мың теңге көлемінде бекітілсін.

10. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген мамандар лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерлерде қызмет ететін  денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне осы  қызмет  түрлерімен қалада айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын 25%-ға көтеру белгіленсін.

11. 2016 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқару үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

12. 2016 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13. Жаңақала аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

14. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымшалар

 

Сессия төрағасы                                                                 Б.Жагипаров

 

Аудандық мәслихат хатшысы                                З.Сисенғали