9-10 қараша күндері Жаңақала ауданы орталығында «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығуда арнайы қызметтердің қысқа дайындығын аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжанов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Каллимулдин және шұғыл әрекет ету тобының командирі А.Ахметов тексерді.

Оқу-жаттығу кезінде азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі, басқару органдарының күштері мен құралдарының дайындығы айқындалды. Сонымен қатар құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігі дайындыққа келтірілді. Қатысқан 12 азаматтық қорғау қызметтері, 37 бірлік техника және 81 адам «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы қоырытындысы бойынша дайын екендіктерін көрсетті.