11 шілде күні Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин С.Меңдешев, Бірлік, Қызылоба, Пятимар округтерінде қауымдастық өкілдерімен кеңес-кездесу өткізіп, ауылдық округ әкімі лауазымына үміткерлерді ұсынып, олар туралы ел пікірін тыңдады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ауданымыздың алғашқы легі болып Жаңақала колледжінің студенттері аттанды. 

Ағымдағы жылдың 24 маусымы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жазғы туриада өтті. «Соркөл» көлінің жағасындағы туристік базада бас қосқан мемлекеттік қызметкерлер 6 командаға топтасып, спорттық ойындардан сайысқа түсті. Командалар шатырларын құрып, айналасын безендіріп болған соң аудан әкімі Л.Хайретдинов сөз алып, барша мемлекеттік қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

Аудандық мәдени демалыс орталығында мемлекеттік қызметшілер күні және Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Елін қорғау - ерге серт» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Л.Хайретдинов мереке иелерін құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Қазақтың көрнекті ақын қызы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лаураеты, «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева Жаңақала ауданына сапарлап келді. Ақынды аудан әкімі Лавр Хайретдинов бастаған топ аудан шекарасынан қарсылап алып, ақ ұсынып, құрмет көрсетті.

Жаңақала аудандық мәдениет үйінде «Қайран біздің әжелер арды ойлаған» атты аймақтық байқауы оздырылды. Ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада көршілес Бөкей ордасы ауданының «Нарын әжелері» мен Жаңақала аудандық халықтық «Айзере» әжелер ансамблдері бақ сынасты.

ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат Нариман Төреғалиев Жаңақала аудандық мәслихаты депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлермен кездесті. Басқосуда үміткердің сенімді өкілі Нұрлан Мақатов Н.Төреғалиевтің өмірбаянын әңгімелеп, жан-жақты таныстырып берді.