Аудан әкімі Л.Хайретдинов Жеңіс күніне орай соғыс және еңбек ардагері Арыстанғали Қойсовты арнайы барып атаулы мерекемен құттықтады. Биыл 72-ші рет тойланғалы отырған Ұлы Жеңіс мерекесінде аудан әкімі мен ауыл әкімі Ж.Бақтыгереев жеңіс солдатына аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті.

ҚР-ның қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай және Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған концерттен соң Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің жастары ардақты ардегерлерімізге арнап әскери шатырда далалық асхана ұйымдастырды.

ҚР-ның қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай және Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Мәдени демалыс орталығы ұйымдастырған жиын әскери адамдардың салтанатты түрде ҚР-ның Туын кіргізуімен басталды. Одан әрі жиынды ашу үшін сөз алған аудан басшысы Лавр Хайретдинов барша қазақстандықтарды,  соғыс ардагерлері мен еліміздің ер азаматтарын атаулы мейрамдарымен құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді.

Жаңақала ауданында «Жергілікті өзін-өзін басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын талқылау мақсатында үлкен жиналыс өтті. Жиналысқа облыс орталығынан арнайы ақпараттық-түсіндіру тобын бастап келген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаевамен қатар  жергілікті бюджеттің кірістерін болжау және талдау бөлімінің басшысы Ғ.Жұбанышев, өңірлік даму және мониторинг бөлімінің басшысы Р.Еркеғалиева, коммуналдық меншікті басқару бөлімінің басшысы Ж.Нығметуллин, өңірлік даму және мониторинг бөлімінің басшысы И.Ғайнутдинов және Жаңақала аудандық қазынашылық басқармасының басшысы С.Аубекеров қатысты. Күн тәртібінде төртінші деңгейдегі қаржыландыру мәселесі қаралды.

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Жаңақала ауданы жұртшылығы да әдеттегідей Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған аудан тұрғындары шерулетуге ертемен орталық алаңға жиналды.

25-27 сәуір күндері Семей қаласында республикалық «Ақберен» ақындар мен шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға Жаңақала ауданынан С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Есей Ибрайқұлов пен Айдархан ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Данияр Нысанғалиев қатысты.

Бүгін аудан орталығындағы Достық алаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының 5 басымдығын іске асыруды кең көлемде насихаттауға арналған «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өтті. Акцияға 300-ге тарта аудан жастары белсене қатысты.