Жуырда ауданымызда «Жас отау» жас отбасыларды қолдау клубы ашылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі АХАТ қызметінің бастамасымен Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан ашылып отырған бұл клубқа арнайы мамандар мен психологтар жастарға қызмет етеді. Тәрбиелік мәні бар әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, отбасы институтын нығайтуға атсалыспақ.

Бүгін аудандық мәдениет үйіндеаудан әкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, жалпы саны 21 мемлекеттік органдар мен мекемелердің мамандары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Ауданымыз жыл санап өсіп, көркейіп келеді. Оған ауданның кәсіпкерлері де өз үлестерін қосуда. Олардың бірі мемлекет қолдауымен, бірі өз күштерімен кәсіптерін дамытып, халыққа қызмет көрсететін әр түрлі нысандар салуда. Сондай жас кәсіпкердің бірі Нұртай Сабыров. Ол биыл «Мақсат» Орал медициналық колледжін «Стаматология бойынша дандист» мамандығы бойынша тамамдаған. Оқуын биыл ғана аяқтаған ол үкіметке алақан жаймай, өзінің стаматологиялық кабинетін ашуды жөн көрген.

Өткен аптаның қасиетті жұмасы күні, яғни 7 сәуір күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Е.Маямеровтың №379 бұйрығымен аудандық мешітке бас имам болып Сұлтанов Ерік Қонақбайұлы тағайындалды. Жаңа имамды тағайындауға арнайы келген облыстың орталық мешіттің наиб-имамы Самат Әлібаев алдымен жиналған жамағатқа мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын жұма намазы туралы уағыз айтып, жамағатты уағызға ұйытты. Одан әрі ол  жиналған жамағат алдында  ауданымыздың бас имамы болып қызмет атқарған Мұратбек қажы Жахатовқа алғысын білдіріп, оның аудан халқы үшін сіңірген еңбегіне алғысын білдірді.

Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында эстрада әншісі Нұржан Керменбаевтың ән кеші өтті.

Ағымдағы жылдың 24-31 наурыз күндері аралығында Семей қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында өткен аталмыш додаға еліміздің 15 облысынан 200-ге тарта жас спортшы қатысты. Олардың арасында облыс намысын қорғаған Қайрат Шаутенов шыңдаған біздің ауданның да спортшылары бар еді. Соңғы кездері ұлттық спорт түрі – тоғызқұмалақ ойынын аудан жастары арасында дәріптеп қана қоймай, шәкірттерін облыс, республика көлемінде өтетін жарыстардың шыңына шығарып жүрген Қайраттың шәкірттері бұл жолы да құр қол қайтпады.

Жақында Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған облыстық дін істері басқармасының бас маманы, теолог Мақсат Раманқұлов, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ басшысы Жарас Аханов, кеңес мүшелері, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.