Халықты жұмыспен қамту, елде жұмыссыздықты шектеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Соған сәйкес жер-жерлерде ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Еліміз бойынша оңтайлы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сол бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындары да ашылып, ел нәпақа тауып отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 11 тамыз күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ұзақ жылдар аудандық мемлекеттік статистика мекемесінің басшысы қызметін атқарған Жансұлу Қожанованы қабылдады. Ол таяуда мерейлі 70 жасқа толады. Қабылдауда мерейтой иесіне ақжарма тілегін жеткізген аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы:

12 тамыз күні ертемен аудан орталығының тұрғындары «Салтанат» орталық базарына Жаңақала ауылдық округі ұйымдастырған жәрмеңкеге ағыла бастады.Жәрмеңкенің ашылуымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ермек Меңдіхан құттықтап, алдағы уақытта жәрмеңке қазанның 10-жұлдызына дейін жалғасып, әр апта сайын оздырылатынын мәлімдеді. Аталмыш округ ұйымдастырған жәрмеңке біріншіден, азық-түліктердің молдығымен ерекшеленсе, екіншіден, өнімдер сапалы әрі арзан бағамен сатылды.

Мемлекетіміз жастарға қашан да ерекше көңіл бөліп келеді. Осының арқасында соңғы жылдары жастардың қоғамдағы рөлі артып, белсенділіктері жоғарылауда. Бүгінгі жастар қоғамда орын алып жатқан әрбір оқиғаға бей-жай қарамайды және еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. 

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин Жаңақазан ауылына барған сапарында жасы сексенге толып отырған еңбек ардагері, мемлекеттік біраз марапаттардың иегері, Жаңақала ауданының құрметті азаматы Орынбай Қайыров ақсақалды шаңырағына арнайы барып құттықтап, иығына оқалы шапан жапты.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту саласында атқарылған жұмыстар аясында қазіргі уақытта сынамалы жобаларды жүргізу туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы Бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №253 және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №881 бірлескен бұйрығына сәйкес, «Азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі кейбір мемлекеттік қызмет көрсетулерді бірыңғай халыққа қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсету сынамалы жобасын іске қосу туралы» туралы бұйрығы негізінде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 шілде күні аудандық ХҚКО ғимаратында аудандық әкім аппаратының бас маманы А.Ищанов пен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің АХАТ қызметінің бас маманы А.С.Сансызбаеваның қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.