ҚР Еңбек Кодексі.

2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ

1 – Бабының 7- тармағы

 

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз – атқарушы билік органдары өкілдерінің,жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік-әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады.Келісім қызметкерлердің еңбек жағдайларын,жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін айқындайтын,әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау

2. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін обьективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу

3. Қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу,олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру

4. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялармен келіссөздер процесіне жәрдемдесу

5. Ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық,қалалық, және аудандық комиссиялар (бұдан әрі -аймақтық) қамтамасыз етеді.Аймақтық комиссия-әлеуметтік  әріптестертер мүдделерін  үйлестіруді тиісті келісімдерімен ресімделетін консультациялар және келіссөздер  жүргізу жолымен  қамтамасыз ету жөнінде  тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.Жергілікті атқарушы  органдардың тиісті өкілетті өкілдері,жұмыс берушілермен қызметкерлердің өкілдері  аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

Комиссия жұмысының басты мақсаты- жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын ұжымдық шарт арқылы реттеу,қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.

Ауданымыз бойынша 2018 жылға арналған еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясының жұмыс жоспары бекітіліп,жұмысын жасауда.