Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауын 2013 жылдың 7 тамызына тағайындау  туралы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ етеді:

1. Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу 2013 жылдың 7 тамызына тағайындалсын.

2. Төмендегі мерзімдер белгіленсін:

1) әкім лауазымына үміткерлерді ұсыну - 2013 жылдың 8-12 шілде аралығы;

2) әкім лауазымына үміткерлерді тіркеу -  2013 жылдың  8-22 шілде аралығы. 

3. Жаңақала ауданы бойынша 2013 жылдың 7 тамызына белгіленген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізуге әзірлік және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген Ережеге сәйкес жүргізілсін.

1.Қаулы Жаңақала ауданы әкіміне және Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.

2.Осы қаулы Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінде  жариялансын.

Жаңақала аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы М.Жұмалиев.

Жаңақала ауылы 2013 жылдың  1 шілдесі №1.