Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 3 - тарау, 16 - шы тармагына сәйкес Жаңақала аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ етеді:

1. Мынандай мерзімге ұзартылсын:

1) әкімдікке үміткерлерді ұсыну  -  2017 жылдың 1 - 3 наурыз  аралығы.

2) әкімдікке үміткерлерді тіркеу - 2017 жылдың  3 - 10 наурыз  аралығы.

 

1) Осы қаулы Жаңақала ауданы әкіміне және Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.

 

 

Жаңақала аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                                  М.Жұмалиев

 

 Жаңақала ауылы  

2017 жылдың  28 ақпан                     

№ 2