Аудандық ішкі саясат бөлімі - аудандық ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік атқарушы орган

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің миссиясы мен негізгі міндеттері.

«Жаңақала ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдау және аймақтың ақпараттық кеңістігінің бәсекелестік қабілетін арттыру жолымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік ішкі саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.

«Жаңақала ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері: ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, азаматтық қоғам институттарымен, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауды үйлестіру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие беру және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, гендерлік және отбасылық-демографиялық салалардағы мәселелер бойынша ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық округ әкімдерімен ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жүргізуге жәрдемдесу.

Аудан бойынша 7 үкіметтік емес ұйым және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. 7 үкіметтік емес ұйымның 5-і қоғамдық ұйым, 2-і қоғамдық қор. «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігі, «Біздің болашағымыз денсаулық» жастар қоғамдық бірлестігі,  аудандық ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі, «Ажар»  әйелдер қоғамдық бірлестігі,  «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ Жаңақала аудандық филиалы, «БҚО соқырлар қоғамы» ҚБ аудандық корпоративтік қоры,  «Сатқали Сапаров» қоғамдық қоры.

 

Ішкі саясат бөлімінің штаты:

1) Теміров Қалаубек Баубекұлы - бөлім басшысы

2) Шуйншкалиева Гүлдерайым Әбдіғалиқызы - бас маман

3) Имашева Мадина Мырзабекқызы - жетекші маман-бухгалтер

4) Ғайнеден Айдос Айтуғанұлы - жетекші маман

 

Байланыс мәліметтері:

Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Халықтар достығы,44. 210, 112, 113 бөлмелер. Тел: 87114121235, 87114122400, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.