Құрметті Жаңақала ауданы әкімдігінің ресми сайтына келушілер!


Сіздерді Жаңақала ауданы тұрғындары және өз атымнан Жаңақала ауданы жергілікті мемлекеттік басқаруының ресми WEB сайтында құттықтаймын.

Жаңақала ауданы-тек қана Батыс Қазақстан облысына емес, республикаға танымал үлкен мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Ауданда асылтұқымды Еділбай қойлары, асыл тұқымды Көшім жылқылары, сонымен қатар ірі қара малдар мен түйелер өсіріледі.

Жаңақала ауданы - бұл Ұлы Отан соғысының батырлары және еңбек ардагерлері, ұлы күйші, сазгер, домбырашы, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың Отаны.

Атап айтқанда, күй атасы Қ.Сағырбаев, күй анасы Д.Нұрпейісова, ұлы күйші - сазгерлер Қ.Жантілеуов, Мәмен, О.Қабиғожин, Ш.Қажғалиев, қазақ халқының еркіндігі үшін күресушілері М.Өтемісов, И.Таймановтардың Отаны.

Өзіне меншікті WEB сайт құру «Электрондық үкіметті» іске асырудың бірінші қадамы болып табылып, мемлекеттік органдардың жұмысын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «"Электрондық үкімет" жасақтау жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне мұқият талдау жүргізу керек. Осыны ескере отырып, әрі әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, осы заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді жалғастыра беру қажет болады»,-деп атап көрсетті.

Менің ойымша Интернетте әкімдіктің ресми сайтының ашылуы мемлекеттік басқару органдарының тұрғындарымен қарым-қатынасын, жедел түрде мәлімет алмасуларына, әрбір сайтқа келушілерге аудан тарихы, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ақпарат алуға, өзін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, алынған шешімдерге ұсыныстарын енгізуге жағдай жасалып отыр.

Әкімдіктің ресми сайты көпшілік тұрғындардың ой-пікірлерін қатерге алып, ауданның алға басуына қызмет ететініне сенімдімін.

Біз Батыс Қазақстан облысының және тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін өзара тиімді қарым-қатынас жасауға әзірміз.

 

Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

 

Құрметпен, 

Жаңақала ауданы әкімі

Хайретдинов Лавр Рашидұлы


Жаңақала ауданының әкімі Хайретдинов Лавр Рашидұлының «Ауданның 2016 жылғы экономикалық-әлеуметтік даму барысы және алда тұрған міндеттер туралы» есебінің мәтіні

Аудан әкімі Л.Р.Хайретдиновтың аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі


 Жаңалықтар


Мәдениет саласының қызметкерлері күні

24.05.2017

Мәдениет саласының қызметкерлері айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан – дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Бұл күн әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Бүгін мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби меркесіне орай Жаңақала аудандық мәдениет үйінде кең көлемде мерекелік кеш болып өтті.

Толығырақ...


Құрметпен шығарып салды

19.05.2017

Аудан әкімі Л.Хайретдинов аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Дархан Закаринді және қызметі Бөрлі ауданына ауысқан аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Арна Мүбаракты қабылдап, аудан активінің алдында Алғыс хат табыстады. Аудан басшысы Жаңақалада туып, бар күш-жігерін, жастығын туған жерін түлетуге, экономикасын дамытуға арнап, білікті маман, жоғары ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Дархан Әмірханұлына аудан әкімдігінің атынан алғыс айтып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажыр-қайратыңыз ешқашан талмасын деген тілегін жеткізді. Дәл осындай сый-құрметті Арна Едекешқызына да көрсеткен аудан басшысы оның атқарған қызметіне жоғары баға беріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Толығырақ...


Жаңақаланың жігіттері жырларын оқыды

19.05.2017

Қадыр орталығындағы «Жұмадағы жыр мәжілісінің» бүгінгі сағаты «Рухтану» деп аталды. Қадыр Мырза Әли атындағы әдеби-мемориалдық кабинетте өткен жыр сағатының қонақтары - жаңақалалық Сыйлыхан Жұмасалық пен Алтынбек Ермекқалиев.

Толығырақ...


Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру

19.05.2017

Аудандық рухани орталықта Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Жаңақала ауылы тұрғындарына бағытында жиын өтті. Жиын барысында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, Жаңақала мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Р.Қайратқызы, Д.Нұрпейісова атындағы аудандық өлкетану мұражайының директоры А.Сәлімов, Жаңақала ЖОББМ география пәнінің мұғалімі Аманғалиев Елбасы мақаласының маңызы мен Қазақстанның ғылым-білім, тарих, әдебиет, әлеуметтік және тағы да басқа салалардың дамуына оң ықпалы туралы баяндады.

Толығырақ...


Жұмысшы тобы іс үстінде

16.05.2017

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ой толғауы көпшіліктің көңіл пернесін дөп басқан, ел дамуына айқын бағдар берген аса маңызды құжат еді. Осы аса құнды құжатты әр тұрғынға жеткізу, одан туындайтын міндеттерді саралап беру үлкен жауапты жұмыс. Осы мақсатта Жаңақала ауданында да қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық жұмыс тобы құрылды. Құрамы 35 адамнан тұратын жұмыс тобына аудан әкімі Л.Хайретдинов төрағалық етуде.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...